Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталды
25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері арасында «Таяқ-тартудан» облыс біріншілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарысқа барлығы 12 командадан 58 қызметкер қатысып, спортшылар 5 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
3-орынды — Тараз қаласының Полиция басқармасы,
2-орынды — Жуалы ауданының полиция бөлімі,
1-орынды — Қордай ауданының полиция бөлімі иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Мұндай спорттық шаралар полиция қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына, дене дайындығын арттыруға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






