жексенбі, 17 қараша, 2024 15:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдердің бос уақытын бақылауға шақырады

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдердің бос уақытын бақылауға шақырады
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер жасөспірімдердің бос уақытын бақылауға шақырады
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар шоғырланатын басқа да орындарды тексереді. Рейд жүргізу барысында кешкі сағат 23:20-да Тараз қаласындағы компьютерлік клубтардың бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Жасөспірімдердің ата-аналары шақырылды, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Облыс бойынша бір апта ішінде полиция қызметкерлері 45 рейдтік жұмыстар жүргізді. Полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 91 жасөспірім жеткізілді, 137 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. - Бала әрқашан заңды өкілдердің бақылауында болуы керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін олардың бос уақыты мен қарым-қатынас ортасына қызығушылық танытылып, үнемі назарда ұстауы қажет. Ата - аналар тарапынан кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне тәрбиелік ықпалдың және бақылаудың болмауы олардың құқыққа қайшы әрекеттер жасауына себеп болуы мүмкін, - деді полиция майоры Әлішер Қалышев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар