Жамбылдық шабандоз жол апатынан мерт болды
Оқиға 10 маусымда сағат 9.59-да Алматы-Екатеринбург тасжолындағы 655-ші шақырымда болған
Кеше Қарағанды облысының аумағында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан. Тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Жүк көлігінің біреуінде Меркі ауданының көкпаршылары болған деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жас шабандоздың қазасы туралы фотограф Бақберген Шағырбай жазды. Ол жас жігіттің өмірінің соңғы сәтінде жанында болған бірден бір адам.
Ал, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.