сәрсенбі, 21 мамыр, 2025 2:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шаруаларға суару маусымы басталғалы 44 млн текше метр су берілді

Жамбылдық шаруаларға суару маусымы басталғалы 44 млн текше метр су берілді
Фото - ашық дереккөз
Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп

 «Қазсушар» Республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының Жамбыл филиалының директоры Қайрат Аманов биыл шаруаларға 44 млн текше метр су берілгенін айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қайрат Амановтың айтуынша, ауа-райына байланысты суару маусымы 10 күнге ерте басталған. Жауын-шашын болмағандықтан суармалы суға сұраныс еселеніп отыр.

- Ағымдағы вегетациялық маусымның ерекшелігінің бірі – вегетация алдындағы кезеңде жауын-шашын мөлшері өте аз түсіп, жердегі ылғалдың шамадан тыс төмен болуы. Бұл фактор облыстағы су шаруашылығы жағдайына айтарлықтай әсер етті. Ылғалдың аз болуына байланысты егістіктердің вегетацияның бастапқы кезеңіндегі суға қажеттілігі орта есеппен 50 пайызға артты. Бұл суармалы көздерге қосымша жүктеме түсіруде. Бүгінгі таңда 15 мың гектарға жуық егіс алқабы суарылды. Айта кету керек, филиалмен келісімшартқа отырған шаруаларға ғана су беріледі.  Бүгіңгі күнге филиал теңгеріміндегі арналараға жалпы 78,8 текше метр секундына су көлемі алынуда. Бұл былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 35,0 текше метр секундқа артық, - деді Қайрат Аманов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар