Жамбылдық шаруалар енді Катар мемлекетіне ет және ет өнімдерін экспорттайды
Жамбыл облысынан шыққан делегацияның Дохаға сапары барысында бірқатар келісімге қол жеткізілген
Жамбылдық шаруалар енді Катар мемлекетіне ет және ет өнімдерін экспорттайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігінде «Меркен ет комбинаты» ЖШС мен «Al Dayat For Trading» компаниясы арасында 200 тонна ет пен ет өнімдерін экспорттау туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, жамбылдық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің «Сарыбас» ЖШС, «Сауле» кондитер фабрикасы, «Тараз халва» ЖШС, «KazirAgro» ЖШС, «БСК» ЖШС және «Акмол» ЖШС өнімдеріне компаниялар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды.