жұма, 15 қараша, 2024 16:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шаруалар картоптың 90 %-ын жинап үлгерген

Жамбылдық шаруалар картоптың  90 %-ын жинап үлгерген
ашық дереккөзі
Жамбылдық шаруалар картоптың 90 %-ын жинап үлгерген
Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының шаруалары басым дақылдар қатарына жататын картоп дақылын егуге бейімделіп, биыл бақша көлемін 2 660 гектарға жеткізген. Яғни, соңғы бес жылмен салыстырғанда, егістік көлемі 600 гектардан асып отыр. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, осы күзде 64 мың тоннадан астам картоп жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 90 %-ы жиналып үлгерген.
Жуалылық дихандар жоғары репродукциялы картоп тұқымдарын егіп, жыл сайын егіс алқабының белгілі бір көлемін жаңалап отырады. Осы мақсатта биыл да Қарағанды облысынан 944 тонна, Қостанайдан 560 тонна, Ресей Федерациясынан 700 тоннадай элиталы және І, ІІ репродукциялы картоп тұқымдары жеткізілген.
Сонымен қатар ауа райы мен жергілікті топыраққа бейімделген өз өнімдерінің де тұқымдарын егіп, мол өнімге қол жеткізуде. Жыл сайын жамбылдық шаруалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалалары мен аудан орталығындағы жәрмеңкелерге қатысып, картоп өнімдерін нарықтаңы бағадан 20-30 пайызға төмен пұлдап, тұрғындарды қамтамасыз етуде. Аудан көлемінде 144 шаруашылық агротехникалық шараларды сақтай отырып, мол өнімге қол жеткізген және артық өнімдерін жәрмеңкелерге шығарып өткеруде.
Жуалыда картоп өндірісін дамыту мақсатында «Тараз» ӘКК арқылы 116 млн теңге қаржыға 50 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алыныпты. Оның 15-і жаңа LOVOL-904 тракторлары. Бүгінде аталған техникалар науқанды жұмыстарға тартылып, өз нәтижелерін беруде. Жаңа техника алушыларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Тараз» ӘКК қаржы институттары қызмет көрсетуге әрдайым дайын.
Сондай-ақ Үкіметтік қолдау, яғни инвест субсидия арқылы шаруашылықтар 50 пайыздық жеңілдікке ие бола алады.
Жалпы биыл «Жуалы несие серіктестігі», «Тараз ӘКК» арқылы және «КазАгроҚаржы» АҚ-на құжаттарын тапсырып, 966 млн теңгеге 134 ауыл шаруашылығы техникасы алынған, оның ішінде 50 трактор, басқа да 83 қондырғы, 1 астық комбайны бар. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда.
Ауданда кепілдендірілген дизель отынын тарату қызметтерін атқаратын «Ақ қайың» ЖШС арқылы 2021 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 2 417 тонна, күзгі дала жұмыстарына 1 690 тонна кепілдендірілген жанармай бөлініп, шаруаларға литрі 168 теңгеден таратылуда. Бүгінде 200 тоннадай қалдық бар.
Биылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсер еткені белгілі. Бірақ суғармалы жерге егілген картоп, көкөніс дақылдары Ақсай, Көксай және Тихий каналдары арқылы ағын сумен жүйелі түрде суарылып отырды. «АқсайСуШар» мекемесімен келісім-шартқа отырған 144 шаруашылық өздеріне қажетті суды толығымен алып, жоспарлы 25 млн текше метр су вегетациялық суғару мерзімінде артығымен игерілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Алғашқы қар
Алдыңғы мақала
Алғашқы қар

Ұқсас жаңалықтар