Жамбылдық шарулар отандық өнертапқыштардың өнімдерін жоғары бағалап отыр
Ғалымдардың өнімі мал шаруашылығы саласында өз тиімділігін көрсеткен
Таразда «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі ғылыми отырысқа қатысқан жамбылдық шарулар отандық ғалымдардың еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Т.Рысқұлов ауданынан келген шаруа Сәбит Бакиров пен Жуалы ауданынан келген Тұрсынкүл Жанқұлова отандық ғалымдар өндіріп отырған полилактоз және бентобак өнімдері малды бордақылау және оларды түрлі инфекциялық аурулардан сақтауда пайдасы зор екенін алға тартты.
Ал Т. Рысқұлов ауданынан келген Сәбит Бакиров аталған препараттарды қолданғаннан бері мал аурулары күрт азайғанын айтты. Айта кетейік, бұл өнімдер Амангелді Құрбанұлы атындағы микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығында өндіріледі.