жұма, 15 қараша, 2024 22:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық тұрғын африкалық түйеқұс өсіруде

Жамбылдық тұрғын африкалық түйеқұс өсіруде
ашық дереккөзі
Жамбылдық тұрғын африкалық түйеқұс өсіруде
Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының төрағасы Абдрахим Қуанышбаев түйеқұс өсіруді осыдан 4 жыл бұрын қолға алған. Құсты бағып-қағудың қыр-сырын зерттеп алған кәсіпкер Алматы қаласынан африкалық қызылмойын түйеқұстың аналық және аталық басын бір айлық балапан кезінен сатып алған. Өңірдің табиғатына тез бейімделген түйеқұстар аса бір ерекше күтімді қажет етпейді. Қара суыққа да, аптап ыстыққа да төзімді.
📌Кәсіпкердің қорасында тұрған түйеқұстардың бойы 2,5 метрге жуық. Аталығының салмағы 120 келідей болса, аналығы 100 келіге жақын. Алып құстың ерекшелігі сол, оның терісі мен қауырсыны қымбат бағаға пұлданады. Терісінен жасалған аяқ киімдер мен түрлі бұйымдар, кәдесыйлар жоғары сұранысқа ие.
– Қазіргі уақытта құстарым күнара жұмыртқалайды. Жұмыртқаның өзі 2 келіге дейін салмақ береді. Осы құстарды көбейту үшін тапсырыспен инкубаторлық құрылғы сатып алсам деген жоспарым бар. Күтіп-баптау қиын емес. Уақтылы жем-шөбін беріп тұрсақ, бір маусымда бір аналық 50-60 жұмыртқа береді. Сонда бір аналықтан экономикалық тұрғыдан алып қарағанда 2 тоннаға дейін ет алуға болады. Бір жылда бұл құстың салмағы 100 келіге дейін барады, яғни бір жылдан кейін сойып етін өткізуге болады, – дейді Абдрахим Абрахманұлы.
🔹Сонымен қатар балық өсіруді де қолға алған кәсіпкердің алға қойған мақсаты көп. Үйінің қасынан балық өсіретін инкубаторлық цехтың құрылысын аяқтап, 200 мың шабақ шығаруға уылдырық салған. Демек, мұның да игілігін көретін күн алыс емес.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар