жексенбі, 6 қазан, 2024 17:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар 664 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетті

Жамбылдықтар 664 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетті
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар 664 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетті

Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Онда Ержан Жұматұлы жаңа оқу жылына дайындық барысы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы туралы баяндады.

– Қазіргі індет халқымыздың біртұтастығын одан әрі нығайтып, қанымызға сіңген бір-бірімізге деген жанашырлық, қамқорлық секілді игі қасиеттерімізді қайта жандандырды. Осы орайда, облыстан шыққан кәсіпкерлеріміз, белгілі азаматтар, спортшылар мен қоғамға бей-жай қарамайтын тұрғындар тарапынан күнделікті демеушілік көмек көрсетілуде.

Қазіргі таңда демеушілер тарапынан 5 ИВЛ аппараты, 421 оттегі концентраторы, азық-түлік, қорғаныс құралдары, медициналық препараттар және өзге де жалпы сомасы 664 млн. теңгеге көмек көрсетілді.  Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Катар, Жапония мемлекеттерінен гуманитарлық көмек жетізілді, – деді Ержан Жұматұлы өз сөзінде.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар