Жамбылдықтарға жыл басынан бері 10 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024
- 178
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жай-күйі қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек баяндама жасады.
Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдар халыққа 286 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 9 айында 9 млн 656 мың 949 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 98,3 пайызы электронды түрде ұсынылған.
Бекжан Кеңесбектің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппараты күнделікті мониторинг жүргізеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу фактілері өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайып отыр.
Өңірде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 93,1 пайызы цифрландырудан өткен. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған 26 ақпараттық жүйе жұмыс істейді.
Өз кезегінде облыс әкімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру – кезек күттірмейтін мәселе екенін атап өтіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына заң талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етуді, бұзушылықтарды анықтау, жою және жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жүргізілетін ішкі бақылау жұмыстарын сапалы атқаруды, сондай-ақ жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыруды міндеттеді.
Аппараттық кеңесте Өңірлік жастар кадр резерві жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024