Жамбылдықтардың орташа айлық жалақысы 22,6 пайызға өсті
Жамбылдықтардың орташа айлық жалақысы 22,6 пайызға өсті
Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында жыл басынан бері 33,9 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 18,7 мыңы – тұрақты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. Облыста «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 54,4 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жоспар артығымен орындалған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 29 жобаны іске асыруға 9,5 млрд. теңге бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 119 жоба бойынша 8,7 млрд. теңге қаралды. Жамбылдықтардың орташа айлық жалақысы 22,6 пайызға (184,4 мың теңге), жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 15,7 пайызға (92 мың теңге) өсті. Есепті кезеңде 11,5 мың отбасына 2,9 миллиард теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16,1 мың бала қамтылды.