Жамбылдың үздік полицейлері марапатталды
Жамбылдың үздік полицейлері марапатталды
Жамбыл облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Т.Оразымбетовтің төрағалығымен тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық бөліністерінің 2020 жылдың 12 айындағы атқарған жұмыстары қаралды. Жиналыс барысында қызметте кездесетін өзекті мәселелер де талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тергеу бөліністерінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлер марапатталды. Жоғарыда аталған бөлімшелердің қызметкерлері арасында жылдық рейтинг жасалып, қорытындысы бойынша ең үздік тергеуші, анықтаушы және криминалист анықталды. Сонымен, Жамбыл облысы Полиция департаменті бойынша “2020 жылдың үздік тергеушісі” – Шу ауданының қызметкері полиция капитаны Ғани Қиқымбаев, “2020 жылдың үздік анықтаушысы” – Меркі ауданының қызметкері полиция капитаны Боранбаева Данара және “2020 жылдың үздік криминалисті” болып – Талас аудандық полиция бөлімінің криминалисті полиция майоры Хибатов Мақсат танылды. Жыл басынан бері олардың тарапынан 11 қылмыс оқиғасы ашылды, оның ішінде кісі өлтіру, ұрлық, тонау, есірткі заттарын қолданған адамдарды ұстау, атты полицейлер 3460 адамды жеке басын анықтау үшін, 92 азаматты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция бөліміне жеткізді. Осындай жұмыстың нәтижесінде қылмыс санын азайтуға қол жеткізілді. Әрине, жақсы көрсеткіштер – полицейлердің ғана емес, сондай-ақ белгілі бір дайындықтан өтіп жатқан олардың адал көмекшілерінің де еңбегі. Жылқыларға түрлі дыбыстар мен сигналдардан, кез-келген техникадан, автокөліктерден қорықпау, ашық бұқаралық іс-шараларда көпшіліктің шуылынан, әртүрлі құрылыс нысандары арқылы қозғалу дағдыларын үйретеді. Атты полицияның жылқылары ұзақ жылдар бойы отрядта қызмет етуде. Жылқылардың күтіміне, тазалығына да полиция қызметкері жауап береді. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер де міндетті түрде атпен салт жүру дағдыларына ие болуы керек. Жыл сайынғы аймақтық әскери ойындарға қатыса отырып, жылқылар әрдайым лайықты нәтиже көрсетуде. Олардың әрқайсысы мекеменің және жергілікті атқарушы органдардың наградаларымен марапатталған.