сейсенбі, 1 қазан, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жас математиктер республикалық жарыстан жүлделі орындар иеленді

Жамбылдық жас математиктер республикалық жарыстан жүлделі орындар иеленді
ашық дереккөзі
Жамбылдық жас математиктер республикалық жарыстан жүлделі орындар иеленді
Жамбылдық жас математиктер республикалық жарыстан жүлделі орындар иеленді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» математикалық турнирінің республикалық кезеңі өтті. Аталған турнирде командалық сынақ бойынша Жамбыл атындағы №5 мектеп-гиназиясының «Импульс» командасы ІІІ орынды иеленді. Ал,жеке сынақ бойынша аталған мектептің 2 сынып оқушысы Мұхамбетжан Мұхаммед топ жарып І дәрежелі дипломмен марапатталса, Мұхтар Сұлтан ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, турнирге қатысып, терең білімімен ерекшеленгені үшін №40 гимназияның 2-4 сынып оқушылары Хамиди Жанасыл, Хромова Полина, Уланбеков Амир және №5 мектеп-гиназиясының 3 сынып оқушысы Әсет Диас грамоталармен марапатталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар