Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдық жас өнертапқыш трактор жасап шығарды

Жамбылдық жас өнертапқыш трактор жасап шығарды

Жақсылық хабар жатсын ба, «Әйтеке би атындағы орта мектептің  оқушысы шағын трактор жасап шығарды» деген хабарға елең ете қалып, ауыл баласы мұндай жетістікке қалай қол жеткізді деген  сұрақты Саудакент  ауылындағы аудандық білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының директоры Мұхтар Мелдеевке қойдық

– Мектептердегі «Авто-21» үйірмесіне 10-11 сыныптың оқушылары қатысады. Әйтеке би атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Бақтияр Тұрғанбаев «Ауыл шаруашылық  техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша «Шағын трактор»  тақырыбындағы жұмысын сәтті қорғап шықты.  Жетекшілік еткен Сапарғали Байулиев ізденімпаз, өнертапқыш оқушыға нақты бағдар, бақыт беріп отырды,-дейді ол.

Оқушылардың шығармашылық талабын шыңдап, инженерлік мамандыққа баулумен қатар,  шағын трактор ауылдардағы үлкен техникалар бара алмайтын кішігірім бақтар мен саябақтардың ішіндегі агротехникалық жұмыстарды жүргізуге өте қолайлы. Арық қазып, жер жыртуға да таптырмас  техника жанармайды да көп қажет етпейді. Қазірдің өзінде әртүрлі техниканың бөлшектерінен қолдан құрастырылған шағын тракторға аудан диқандары қызығушылық танытып отыр.

  Амангелді  ӘБІЛ,

Сарысу ауданы