Жамбыл жаңалықтар

Жастарға бір миллион теңге беріледі

Өтінім қабылдау 2025 жылдың 20-30 қараша күндері аралығында жүргізіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.

Конкурсқа Жамбыл облысының 18-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады.

Бөлінген грант қаражаты жобаны іске асыру үшін пайдаланылады. Грантты пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды.

Өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында жүргізіледі.

Құжаттар қабылдау төмендегідей мекенжай арқылы жүргізіледі:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 1, 3-қабат, 303 кабинет.

Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-99-90