Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті
Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Антикор» сервистік орталығында департаменттің басқарма басшысы Д.Омаров, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гуманитарлық –әлеуметтік ғылымдар» факультетінің белсенді студенттерімен «студенттер арасындағы адалдықты, жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту» мақсатында еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, Агенттік бастамасымен барлық университеттерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубының құрылғанын жеткізіп, осы жоба аясында жастарды белсендік танытуға шақырды.