сенбі, 23 қараша, 2024 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастар жұмыстан кейін де кеңес ала алады

Жастар жұмыстан кейін де кеңес ала алады
ашық дереккөзі
Жастар жұмыстан кейін де кеңес ала алады

Қоғамның қозғаушы күші жастарға бүгінде мемлекет барынша жағдай жасауда. Дегенмен мемлекет тарапынан жасалатын қолдаудан, көрсетіліп жатқан қамқорлықтан кейбір өскіндер бейхабар болуы мүмкін. Тағы бірін қоғамдағы өзекті мәселелер толғандыруы ықтимал. Осы секілді түрлі мәселелермен қайырылған жастарға Тараз қаласындағы «JASTAR» қабілет орталығында жыл басынан бері кеңес беріліп келеді. Жуырда аталған орталықта «Түнгі қабылдау» алаңы ашылды. Енді күндіз мүмкіндігі болмаған жастар кешкі сағат 19:00 мен 22:00 аралығында орталыққа келіп, кеңес ала алады. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Таутен «Түнгі қабылдау» айына тұрақты түрде үш мәрте ұйымдастырылып тұратынын айтады. – Негізінен күндіз жастарға кеңес ірі сауда орталықтары мен басқа да қоғамдық орындарда көшпелі түрде беріліп келді. Қазіргі таңда ықшамаудандар мен «Дәмді себет», «SMART» секілді сауда орындарын да қамту жоспарда бар. Ал «Түнгі қабылдау» алаңын ашудағы басты мақсат – күндіз жұмыста болған жастарға кешкі уақытта кеңес беру. Осы арқылы барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға «Дипломмен – ауылға!», «Серпін», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Жастар практикасы» секілді мемлекеттік бағдарламалардың мәні түсіндірілуде. Сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, дін, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге де жауап беріліп, өзге де мемлекеттік қолдау тетіктері жайлы көмек көрсетіліп жатыр, – дейді Айбек Қанатұлы. Алғашқы «Түнгі қабылдауда» жұмыс іздеп жүрген, жеке кәсібін ашуға ниетті және кәсіп аясын кеңейтікісі келген, әлеуметтік және құқықтық көмекті қажет еткен, жерге, тұрғын үйге кезекке тұруды жөн санаған 30-ға жуық жас келді. Орталыққа қайырылған жастардың сұрақтарына облыстық әділет департаменті мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалы, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары басқармаларының өкілдері жауап берді. Аталған мамандар арқылы жастарды толғандырған сұрақтар жан-жақты түсіндіріліп, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды.

 

Н.Болатұлы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар