Жамбыл жаңалықтар
«Жасыл ел» жамбылдық жастарды жұмысқа шақырады
- авторИндира Тәліпқызы
- 12 маусым, 2024
- 385
Өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады
Жамбыл облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымына өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады.
«Жамбыл облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы 2005 жылдан бері табысты түрде жүзеге асырылып келеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, табыс табуға бұл бастаманың орны ерекше. Оған 16 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Мұнда жастардың 127 500 теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндігі бар», - деп хабарлады басқарма.
Айте кетейік, жалпы, биыл аталған бағдарлама бойынша елімізде 33 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Олар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады.
Келесі мақала