Жамбыл жаңалықтар

"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": синоптиктер алдағы күндері ауа райы нашарлайтынын болжады

"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": синоптиктер алдағы күндері ауа райы нашарлайтынын болжады

«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар күтіледі деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 29-31 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Cолтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде 29 қаңтарда, тәулік бойы 30-31 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ал Тараз қаласында 29-30 қаңтарда түнде және таңертен тұман күтіледі және көктайғақ күтіледі. 30-31 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.