Жаза басқандар рақымшылыққа ілінді
Жаза басқандар рақымшылыққа ілінді
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге рақымшылық жасау туралы заң нәтижелі іске асырылуда. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер үшін де бұл сүйіншілі хабар болды. - Қазіргі таңда ЖД-158/5 мекемесінде 210 сотталған азамат жазасын өтеуде. Оның 64-і рақымшылыққа ілініп отыр. Бүгінде 19 сотталған азамат бостандыққа шықты. Жалпы, жаза басқандардың қоғамға сіңісіп кетуіне олардың жұмысқа орналасуы оң ықпалын тигізетіні анық. Бұл бағытта халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, жүйелі жұмыстар қолға алынуда, - дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев. Айта кетейік, бүгінде мекемеде жазасын өтеушілердің 65 пайызы яғни 121 адам жұмыспен қамтылған. Айнура БАТЕЛОВА, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты