Жамбыл жаңалықтар
Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
- авторjambylinfo.kz
- 13 мамыр, 2022
- 243
Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде сотталғандар арасында шахмат ойынынан жарыс өтті. Тартысты өткен бәсекеде 15 жазасын өтеуші бақ сынап, өзара кім мықтыны анықтады.
Шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші Ускенбаев иеленді. Ал екінші орынды Муталиев, үшінші орынды Тортбаев жеңіп алды. Жеңімпаздармен жүлдегерлерді мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады.
Айта кету керек, жарыс барысында мекеме қызметкерлері жазалы жандарға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы әңгіме өткізді. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлерінің қызықты әңгімесі сотталғандардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала