Жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қазан, 2024
- 411
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес, №58 Түзеу мекемесінің «Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі» бөлімінің бастығы әділет майоры Елдос Набатовтың және мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Қол күрес, арқан тарту, гір көтеру» ойындарынан мәдени-спорттық іс-шаралары өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оған облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
Жарыстың мақсаты — сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Адам денсаулығын нығайтуға ықпал ететін адамзаттың ұлы өнертабысы болып табылады. Ғасырлар бойы бұқаралық спорт түрлері халықтар арасында достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен жарыстардың жеңімпаздары анықталып, түрлі дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталып, мекеме бастығының қаулысымен марапатталуға ұсынылды.