ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АТТЕСТАТ АЛДЫ
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде аттестат табыстау рәсімі өтті. Қазір мекемеде барлығы 71 оқушы білім алуда. Олардың 19-ы 11 сыныпты бітіріп шықты. Нақтырақ айтқанда, бітіруші 3 сыныптың 1-еуі қазақ, ал 2-еуі орыс сыныбы. Оларға 20 мұғалім сабақ береді.
Айта кетейік, ЖД-158/4 жабық мекемесіндегі кешкі орта мектептің оқу консультпунктінде тоғыз сынып оқытылуда. Оның ішінде 10-шы сынып алтау: 4 қазақ, 2 орыс сыныптарында барлығы 50 сотталушы оқиды.
Аттестат беру рәсіміне жазасын өтеушілердің туыстары да қатысты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024