Жамбыл жаңалықтар

Жазасын өтеушілер карикатура салудан жарысты

Жазасын өтеушілер карикатура салудан жарысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД- 158/5 мекемесінде «Әзіл-шыны аралас» атты карикатуралар сайысы өтті. Бұл жарыста мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар түрлі карикатуралық сурет салудан жарысты.   ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологы А.Сыбанбаевтың айтуынша, мұндай сайысты ұйымдастырудағы мақсат – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, жағымды қасиеттерін аша білу, қарым-қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.   Жалпы, мұндай сайыстар жазасын өтеуші азаматтардың сурет салу арқылы пікірін жеткізуді, сурет мағынасын айтуды, сонымен қатар өмірге құштарлығын дамытуға сеп болады. Карикатура сайысына белсенді қатысқан азаматтар арасында үздік деп танылғандарды мекеме басшылығы арнайы марапаттады.