Жазасын өтеушілер қолөнер бұйымдарын жасаудан өзара сынға түсті
Жазасын өтеушілер қолөнер бұйымдарын жасаудан өзара сынға түсті
Жазасын өтеушілер қолөнер бұйымдарын жасаудан өзара сынға түсті Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстары бөлімінің ұйытқы болуымен өткен шара барысында бас бостандығынан айырылған азаматтар қолөнер бұйымдарын жасаудан өзара сынға түсті. Жалпы, бұл шараның негізгі мақсаты – күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер ала отырып, сол арқылы сотты болғандардың эстетикалық сезімдерін ояту. Қолөнер бұйымдарын жасау барысында әрбір жазасын өтеуші белсене атсалысты. Олар көз тартатын күзгі көріністі түрлі бояуда жеткізе алды. Осылайша, сотталғандардың азаматтардың басым бөлігі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті. Айта кету керек, мұндай мәдени іс-шаралар мекеме қызметкерлері мен арнайы контингтент арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейте түсуде маңызды рөл атқарады. М.МАХАНОВ, №26 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы