Жазасын өтеушілер жасыл алаңда доп тепті

Сайыс қорытындысында жеңімпаз құрама мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жазасын өтеуші азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл күні арнайы контингент өкілдері екі командаға бөлініп, жасыл алаңда өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысында жеңімпаз құрама мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды.