дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазда жасөспірімдер есірткі курьері болып кетуі мүмкін – полиция ата-аналарға ескерту жасады

Жазда жасөспірімдер есірткі курьері болып кетуі мүмкін – полиция ата-аналарға ескерту жасады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жыл басынан бері Жамбылда есірткі қойып кететін 12 адам ұсталды

Жамбыл облысының полиция департаменті ата-аналарға ескерту жасап, жазда балаларын бақылауда ұстауға шақырды. Себебі, жүгенсіз кеткен жасөспірім есірткі курьеріне айналып кетуі мүмкін, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Полиция департаменетінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері есірткі сататын 201 сайт анықталған. Ал, олар жұмысшы ретінде тез және оңай ақша тапқысы келетін жастарды таңдайды екен. 

"Мұндай жұмысты қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен қатар, жақсы отбасылардың да балалары істеуге келісе береді.  Соңғылар үшін бұл квест секілді ойынның немесе уақыт өткізудің бір түрі. Ал іс жүзінде барлығы ұзақ мерзімді түрмемен аяқталады",- деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. 

Айта кетейік, 5 айда облыста есірткі қойып кететін 12 адам ұсталған, 1 келі 625 грамм синтетика тәркіленген. Бұл шамамен 4500 бір реттік доза.  

"Жазғы демалыс кезінде оқушылар, студенттер мен қалаға қонаққа келген туыстар оңай жұмыс тауып, қосымша ақша тапқысы келеді. Ата-аналарды балалардың күмәнді немесе күрт өзгерген мінез-құлқына уақытында назар аударуға шақырамыз", - Бажықбаев тұрғындарға.

Тәртіп сақшысы есірткі тасушы жастар ақысын биткоин арқылы алатынын айтады. Сондықтан ата-аналар баласынан көп ақша байқаса, алайда ол ақшаның қалай пайда болғанын айтуды қаламайтын немесе түсіндіре алмайтын болса, онда назар аудару қажет.

"Сондай-ақ есірткі қойып кететін адамдарды жасырын қорқыныш билеп тұрады. Олар өздерін әдеттегідей емес, тым асығыс немесе керісінше күмәнді баяу ұстайды. Өздерінің хоббиіне деген қызығушылықтарын жоғалтады, көбінесе агрессия танытады.  Сондықтан біз ата-аналардан балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерді мұқият бақылауды сұраймыз", - деп қорытындылады Бажықбаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар