жексенбі, 17 қараша, 2024 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде
ашық дереккөзі
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде
Полицейлер бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде тұратын пәтер иесінен белгісіз адамдардың үйіне ұрлыққа түскендігі туралы хабарламасы келіп түскен. Дәл осындай шақыртумен сол күні тағы бір қала тұрғыны хабарласыпты. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 36 және 25 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталған. Олардың үйінен барлық айғақ заттар (5 дана жылытқыш батареялары, жеке заттар салынған чемодан, теледидар, ноутбук, 15 үстел және т.б.) табылып, тәркіленген. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ал қос үйге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион 375 мың теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.              25 жастағы азаматтан атыс қаруы тәркіленді Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы ақпаратты жүзеге асыру бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз қару сақтаған Жаңатас қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан қолдан жасалған қосауызды шолақ атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Қазіргі  таңда ер адам өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің екі бабы: 287-бабының  3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 288-баптың 1-бөлігімен (қаруды заңсыз дайындау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалары тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Айта кетерлігі, бұған дейін ол ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотты болған.         Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған күдікті ұсталды Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром" өңірлік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, "Браконьер" жедел-алдын алу іс- шарасын өткізу барысында  Жиенбет ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы алқаптан Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған 29 жастағы ер адамды ұстады. Ұстау барысында аталған алқаптан мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ "Тоyota Land Cruiser 80" маркалы автокөлігі, Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы, тіркелмеген 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық табылды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 337-бабының 2-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалып, автокөлік айып  тұрағына қойылды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар