Жеке құрамның кәсібилігі пысықталды
Жеке құрамның кәсібилігі пысықталды
Себебі, бұл саланың қызметтік тәртібі сол. Әрдайым сауысқандай сақ, қырандай қырағы болып, жауынгерлік әзірлікте жүру міндеттеледі. Офицерлердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын шыңдау бағытында теориялық сабақтар мен практикалық жаттығу жұмыстары жоспарға сай өтетіні де сондықтан. Осындай мақсаттағы шараның бірі - Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өтті. Департамент бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Қосжановтың бұйрығымен дүйсенбі күні таңғы сағат 6:45-те дабыл жарияланды. Осылайша, қызметкерлердің сырт көріністері, нысанды киім мен шаш үлгісінің талапқа сай болуы мұқият тексерілді. Сондай-ақ сапқа тұру барысында жеке құрамның қызмет куәліктерінің атағы мен лауазымына сәйкестігі назарға алынды. Бұдан бөлек, қызметкерлердің дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуына мән беріліп, жіті қадағаланды.