Жамбыл жаңалықтар
Жергілікті полиция қызметінің жұмысы оң нәтиже беруде
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2022
- 216
Жергілікті полиция қызметінің жұмысы оң нәтиже беруде
Тараз қаласы ПБ ЖПҚб 2022 жылдың 11 айында облыс орталығы Тараз қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауда, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықпен қылмыстардың алдын алуға, олардың ашылуына бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде, Тараз қаласы аумағында жалпы қылмыс санын -4,5% (2783-тен 2657-ге дейін) төмендеген, қоғамдық орындарында жасалған қылмыстар саны -12,1% (1182-ден 1039-ға) төмендесе, көшелерде жасалған қылмыстар саны -4,0% (574-тен 551-ге) төмендеп отыр.
Қоғамдық жерлерде кісі өлтіру фактісі (14 тен 7-ге) дейін, көшелерде жасалған қылмыстар (14 тен 7-ге) дейін кеміген. Қоғамдық орындарда жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау саны -16,9% (684-тен 568-ге дейін) төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған тонау саны -28,2% (71-ден 51-ге дейін) төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған бұзақылық саны -6,1% (130-дан 122-ге дейін) төмендеген.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөтеннің мүлкін ұрлау деректеріне тосқауыл қою, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күресті күшейтуде ауқымды және тиімді жұмыстың жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы шаралардың өткізілуінің негізгі мақсаты, ішкі істер органы профилактикалық есебінде тұрған адамдарды, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым қатынастар саласында құқық бұзушылық жасайтындарды, маскүнемдер мен нашақорлық және психотроптық заттармен әуестенетін тұлғалар және бұрын сотталғандарды, сонымен қатар оларды анықтау және жасалатын қылмыстың алдын алу болып табылады.
Ол үшін ЖПҚб "Құқықтық тәртіп", "Қадағалау", "Тұрмыс", "Жасөспірім", "Таза аула", "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде "Сәлеметсіз бе, Мен сіздің учаскелік инспекторым" және "Түнгі қаладағы балалар" акцияларын қаланың барлық әкімшілік учаскелерінде жергілікті пысықтаулар өткізеді. Аталған жұмыстар көшелердегі және қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, қоғамға жат көріністерге жағдай жасайтын факторлар ретінде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.. Қаланың ең криминогендік учаскелері (Шөлдала, 7-8-9-10-15 мөлтек аудандарында) әрдайым пысықтау шаралары жүргізіледі.
ЖПҚ қызметкерлері сауда нүктелерін, дүкендерді, сұлулық салондарын, басқа да шағын және орта бизнес субъектілерін айналып өтіп, олардың иелеріне өз мүлкін қорғау үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндіреді: темір торларды, бейнекамераларды, дабылдарды және басқа да қорғаныс құралдарын орнату.
Күн сайын полиция қызметкерлерімен дауыс зорайтқыш құрылғысымен патрульдеу маршруттарында адамдар көп жиналатын орындарда (базарлар, аялдамалар, сауда орталықтары, автобустар) жеке заттардың (телефондардың, сөмкелердің және басқа да бағалы заттардың) сақталуы тақырыбында үгіт-насихаттық профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Мас күйінде жасаған қылмыстар саны +10,8%-ге (167-ден 185-ке дейін) өскен.
"Маскүйінде" қылмысқа қарсы күресте ЖПҚ қызметкерлері күн сайын Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Мәселен, өткен кезеңде ҚР ӘҚБтК – нің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін) 1692 әкімшілік құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша (алкогольді сату) 58 дерек анықталды.
Тараз қаласы аумағында 2022 жыл 11 айында бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны +7,2%-те өскен(414-тен 444-ке дейін).
Учаскелік полиция қызметкерлерімен бұрын сотты болған тұлғалармен жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдауда.
Қаралып отырған кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған санаты бойынша барлығы 48 адам қабылданды, оның ішінде 5 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.
Сондай – ақ, учаскелік полиция инспекторлары есепті кезеңнің басынан бастап 27 адамды әкімшілік қадағалаумен профилактикалық есепке алды, оның ішінде "В" тармағы бойынша (яғни жеке УПИ) - 0.
Тараз қ. Полиция басқармасы аумағында топтасып жасаған қылмыс саны -4,0-ға төмендеген, яғни (125-тен 120-ға дейін).
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша +53,8%-ға немесе 39-дан 60-қа дейін өсім байқалды.
2022 жылдың 11 айында әр түрлі заң бұзушылықтар мен профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында 2826 жасы кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарына жеткізіліп (2021ж.-2802), оларға қатысты тиісті хаттамалар мен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, қалалық ЖПҚ ЮПБ қызметкерлерімен – 92 кәмелетке толмаған (2021ж.-73) және 304 жайсыз отбасы (2021ж. –195) профилактикалық есебіне алдын алу есебіне алынған.
2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласы бойынша 45 (2021ж. – 38) кәмелетке толмағандар есепте тұрады.
Есептік кезеңде тұрмыстық саласында қылмыстар саны 30,8% (13-ден 17-ге)өскен.
Өткен кезеңде тұрмыстық қылмыстың алдын алу мақсатында халық арасында -тен астам профилактикалық әңгімелер мен жұмыстар жүргізілді. Тұрмыста құқық бұзушылық жасаған 399 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы құқық бұзушылықтар) -238 (2021-308);
- ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2021-63),
- ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша (ұрып-соғу) 64 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2021-27).
Бұдан басқа, 1512 (2021-1457) қорғау ұйғарымы шығарылды, қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 461 - бабы - 93 (2021-48) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттар отбасылық дебоширлердің мінез – құлқына ерекше талаптар белгіледі-113 (2021-95), ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша сот қаулыларын орындамағаны үшін -28 (2021-38) тартылды.
Қазіргі уақытта полиция біртіндеп құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың сервистік моделіне көшуде, мұнда басты рөл учаскелік полиция инспекторларына жүктелген.
Осылайша, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің күнделікті профилактикалық жұмысы оң нәтиже беруде.
Н. Керебаев,Тараз қ. ПБ ЖПҚб бастығы полиция майоры.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Methods to Have a Lovely Latino Relationship
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024