Жамбыл жаңалықтар

"Жобаның құны 55,4 млрд теңге". Жамбыл облысында металлургиялық кәсіпорын іске қосылады

Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ

 «ҚазПроТемір» компаниясы «Тараз» индустриялық аймағының аумағында қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару, жұқа мырышталған және полимерлі жабыны бар болатты өндіру бойынша зауыт салуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өндіріс ошағы жылына 500 мың тонна болат дайындамаларын шығаруға қуатты.

Жобаның құны 55,4 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта зауыт аймағы толығымен бетон қоршаумен қоршалған. Ішінара жолдар салынуда. Ұңғымалар орнатылып, іргетас шұңқыры қазылды.

2025 жылдың мамыр айында іске қосылатын жобаның бірінші кезеңін салу үшін жер жұмыстары аяқталды.

Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ.

Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған.

Кәсіпорын Қытайдан келетін құрал-жабдықтардың алдын ала төлемін жасады.