сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 18:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол сапасы – назарда

Жол сапасы  – назарда
ашық дереккөзі
Жол сапасы – назарда

«Жол азабын жүрген білер» деген халық тәмсілі бекер айтылмаса керек. Жүретін жолың нашар болса, баратын жеріңе уақытында жете алмай, азабын тартарың анық. Ал, жаңа салынған жолдардың сапасы қалай? Бөлінген қаражат өзін-өзі ақтай ма? Осы ретте Жамбыл ауылдық округіндегі аяқталуға жақын су жаңа асфальтты көзбен көріп қайттық. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қуаныш Қарашолақов және аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева округке қарасты Бесжылдық ауылына табан тіреп, жолдардың сапасын тексерді. Жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтқан бақылаушы топ жауапты тұлғаларды сын тезіне алмақ болды. Бірақ, қадағалаушы адам да, мердігер компания өкілдері де төбе көрсетпеді. Дабыл қағатын мәселе сол, Досымбек Бәйтікұлы көшесінен Аса ауылына шығатын жолдың биіктігі жерден жоғары орналасқан. Соның салдарынан жолдың шеті опырылып кете ме деген қауіп бар. Жұмысшылар болса «Біз тек жұмысты орындаймыз, біз білмейміз, басшылықтан сұраңыздар» деп ат-тонын ала қашты. Сонда олар жолды салады, кетеді, артынан азабын тартатын қара халық па? Десек те, шыр-пыр болуға тым кеш емес. Өйткені, жөндеу жұмыстары аяқталып қалғанымен, тексеру сынамасы өткен жоқ. Ауыл көшелерін тексерген жұмыс тобы жол жөндеушілерге анықталған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Әрі сол көшеден Аса-Тараз бағытына шығатын бұрылыстың қауіптілігі жоғары болып тұр. Арнайы бағыт көрсететін белгі қойылмаған. Соның салдарынан қаншама жол апаты болатынын ұмытпағанымыз жөн шығар. Мұндай қауіптілігі жоғары бұрылыстар Өрнек-Жұма бағытында да бар. Онда да белгі орнатылмаған. Жәнібек АСАНОВ,

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар