Жамбыл жаңалықтар

Жол сапасына бақылау күшейтілді: 300-ден астам материал сынақтан өтті

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру – қауіпсіз қозғалыстың басты кепілі

Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жолдардың сапасын бақылаумен қатар, орташа жөндеу жұмыстарына арналған жобаларға сараптама жүргізіп, көліктік-пайдалану жағдайын анықтау жұмыстарын да атқаруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған орталықтың облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, 2025 жылдың шілде айында мамандар 91 нысанға 103 рет іссапармен шығып, 329 жол-құрылыс материалының сынамасын алған. Оның ішінде 247 материал зертханалық сынақтан өткізіліп, 66 үлгіде сәйкессіздік анықталған. Қалған 181 материал талапқа сай деп танылды.