Ерғали Әбуғали: АЭС салу - заман талабы
Бүгін Қазақстан халқына президент жолдауын жариялады
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ЖОФ төрағасы Ерғали Әбуғали Мемлекет басшысының жолдауында бірқатар ел көкейінде жүрген мәселелер көтерілгенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазір ел экономикасын ілгерілету үшін жасалып жатқан тың жобалар баршылық. Бұл бойынша алдымен тұрғындардың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғалидың сөзінше, президент жолдауында айтқан «Ауыл аманаты» жобасын кеңейту – халықтың әл-ауқатын көтерудің даңғыл жолы. Сонымен қатар, АЭС салу - еліміз үшін ең оңтайлы шешімнің бірі.