Жуалы ауданында құрлыс қарқыны қуантарлық
Жуалы ауданында құрлыс қарқыны қуантарлық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты осы және алдыңғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы таза ауыз сумен қамту жайын назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Соңғы жылдары ауданда елдім екендерді таза ауыз сумен, табиғи отынмен және жайлы автомобиль жолымен қамту бағытында жоспарлы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда таза ауыз сумен қамтылған елдімекендердің үлесі 63, көгілдір отынмен – 85, қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамту 68,6 пайызға жетіп отыр. Биыл ауыз су және табиғи газ жүйесі құрылысы мен автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізу үшін 28 жоба жоспарланып, оған 3,3 миллиард теңгеге қаралған. Оның 494 882 мың теңгесі 2023 жылға өтпелі. Автомобиль жолдары бойынша айтатын болсақ, биыл ауданда 18 жобаны іске асыру көзделген. Осы жобалар аясында 45,987 километр автомобиль жолы орта жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде аудандық мәндегі 26,49 километрді құрайтын үш жол бар. Атап айтсақ, біріншісі, Шыңбұлақ ауылына кіре-берістегі 7,6 километр автомобиль жолы. Бүгінгі таңда онда құрылыс жұмыстары аяқталған. Екіншісі, «Күйік-Теріс Ащыбұлақ» арасындағы 10,63 километр жол, үшіншісі, «Б.Момышұлы-Береке-Жұрымбай» автожолы. Оның ұзындығы 8,26 километр. Осы қос жолда орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 97,7 пайызды құрамақ. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 561,2 километрді құрайды. Оның 58,1километрі республикалық, 132-сі облыстық, 108,12-і аудандық мәндегі жолдары болса, ауыл ішілік автомобиль жолдары 263 километр. Қанағаттанарлығы 68,6 пайыз. Ауыл ішілк жолдар бойынша 15 жоба жоспарланып, 19,3 километр автомобиль жолдарына, (22көше) орта жөндеу жүргізу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Аталған жобалардан 13-і жергілікті бюджеттен, екеуі «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жыл қортындысымен ауылішілік автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 75 пайызды құрамақ. Халықтың тұрмысын жақсарту, елдімекендерді таза ауыз сумен қамту біздің жоспардың бір бағыты. Яғни Президеттің Жолдауда айтқан «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазір таза ауыз сумен қамтылған елдімекендер саны арта түскен. Бүгінгі таңда ауданда орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елдімекен саны 31, ол 63 пайызды құрайды, яғни, аудан халқының 85 пайызы таза ауыз су тұтынуда. Таза ауыз сумен қамтылмаған 18 елді мекен бойынша айтатын болсақ, биыл жеті елдімекенде жоспарлы жұмыстар атқарылу үстінде. Қоңыртөбе, Рысбек батыр, Жаңаталап-Ақтоған, Тасбастау-Кәріқорған ауылдарында таза ауыз су құбыры тартылуда, оның жалпы ұзындығы 55 километрді құрайды. Оның ішінде Тасбастау-Кәріқорған, Байтерек ауылдарының жұмыстары алдағы жылға өтпелі. Сондай ақ Ақтасты ауылындағы ауыз су жүйесіне «Жуалы Су» мекемесі тарапынан ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су кіргізілуде. Ағымдағы жылдың қорытындысымен таза ауызсумен қамтылған елді мекендер 35 ке жетпек. Ақтасты ауылындағы құрылыс жұмыстары аяқталса ол 36-ға жетіп, аудандағы елдімекендердің таза ауызсумен қамтылуы 73,4 пайызды құрамақ. Бұдан бөлек, үш елдімекенге таза ауыз су тарту бойынша жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Атап айтсақ, Ақтөбе ауылындағы жоба құрылыс бөлімі тарапынан сараптама қарауына ұсынылып, шешімі күтілуде. Сонымен қатар Түктібай ауылындағы таза ауыз су жүйесі бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға бюджетке сұраныс берілді. Одан бөлек, Қызтоған ауылындағы ауызсу жүйесінің де жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Тағы бір ескеретін жайт, ауданда бұдан бөлек, халық және аула саны аз 7 елді мекен бар. Аталған елді мекендерге суды тазартудың кешенді блок модулдерін орнату жоспарланған болатын. Ол елдімекендер санатына Көктас, Қарасу, Күркіреусу, Қаратас, Амансай, Қазбастау, Әбдықадыр ауылдары кіреді. Бүгінгі таңда халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл 5 елді мекенге табиғи газ кіргізу жоспарланса, бүгінгі таңда 4 елді мекенде, атап айтсақ, Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталып аудандық газ мекемесі теңгеріміне өткізу жұмыстары басталып кетті. Ал Қошқарата ауылындағы құрылыс жұмыстары өтпелі болғандықтан ол келесі жылы пайдалануға берілмек. Осы нысандар пайдалануға берілген тұста аудандағы елдімекендерді табиғи газбен қамту үлесі 45 ауылға жетіп, ол 91,8 пайыз құрамақ. Яғни, 9697 аула көгілдір отынға қосылып, пайыздық үлесі 96,8-ге жетіп, 51563 тұрғын, яғни аудан халқының 97,1 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді. Сонымен қатар қалған Билікөл аймағындағы Қарабасатау, Әбдықадыр, Жылыбұлақ, Дарбаза ауылдарына кварталішілік газ тартуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қарауынан шығарылды, аталған елді мекендерді 2025 жылға дейін газбен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендерді 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады. Уақыт талабына сай көшелерді, жаяу жүргінші жолдары мен саябақтарды жарықпен қамту бағытында да тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы алты көшеге жаңадан жарық жүйесін орнату көзделген. Оның ішінде Б.Момышұлы ауылы Әулиебастау, С.Сейфуллин. Жаңаталап ауылындағы Ақмолда көшелерінде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Ал Әбдіқадыр ауылындағы Бөгенбай, Көлтоған ауылындағы Абай, Б.Момышұлы көшелерінде құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Жыл соңына дейін 272 ауылішілік көшенің 192-і, яғни 70 пайызы жарықтандырылады. Құрылыс саласына тоқталатын болсақ, бұл бағытта да атқарылып жатқан жобалар баршылық. Биыл бұл сала бойынша 28 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 26 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Жыл соңына дейін 23 нысанның құрылыс жұмысары аяқталуы тиіс. Қалған бес нысан алдағы жылға өтпелі. Білім саласында аты білім ошағын қайта салу, жеті мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу жөніндегі» жол картасына аудан бойынша аталған 6 білім ошағы енгізілді. Биыл Диқан ауылында 180, ал Алатауда 100 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2022-2025 жылдар аралығында 4 мектепке жаңа құрылыс, 7 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ойда бар. Бұдан бөлек, үш мектепте, атап айтсақ, Мыңбұлақ пен Көктөбе орта мектептерінде және Т.Тастандиев атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өткізілді. Спорт және мәдениет салаларында бір амбулатория мен мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үй мәселесі де билік назарында. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 710, тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде – 3 354 адам тұр. Кезектілік мәселесін шешу мақсатында өткен жылы Б.Момышұлы ауылында 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, биыл аяқталды. Ендігі жерде оның инженерлік инфрақұрылымын тарту жұмыстары қалып отыр. Ол үшін қосымша қаражат қарастырылуда. Бұл көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға биыл беру жоспарымызда бар. Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 36 жас маманды, «Асар» жобасымен 14 отбасын тұрғын үймен қамту көзделген. Биыл Б.Момышұлы ауылында 60 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің және 18 пәтерлі 3 қабатты бір үйдің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп сараптама қортытыңдысы алынып, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда, 2025 жылға дейін кезекте тұрған 636 адам пәтермен қамтылатын болады. Ал жер телімі кезегінде тұрғандарды жер телімдерімен қамтамасыз ету үшін жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, өткен жылы Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе тұрғын алқабынан 170 жер телімі кезектегі азаматтарға үлестірілді. Биыл үш тұрғын алқапта, атап айтсақ, Теріс, Нұрлыкент пен Қосбөлтек елді мекендерінің әрқайсысынан 63-тен жер телімі беріледі. Ол тұрғын алқаптар электр желісімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ауыз су мен газ желілері тартылуда. Ауданда халыққа 47 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Б.Момышұлы ауылында ауылында орталық ауруханаға жаңа ғимарат қажет. Сонымен бірге бірнеше елді мекенде дәрігерлік амбулатория, ФАП пен МП салу жоспарланған. Мәдениет саласында да дәл осындай жағдай. Бірнеше елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Алдағы үш жылда Көлбастау, Кәріқорған ауылында 149 орындық мәдениет үйлерін салу, Шақпақ пен Күреңбел ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Спорт саласында биыл 2, алдағы жылы 4, одан кейінгі жылдары 8 нысан салу жоспарда бар. Ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысымен құрылыс көлемі орындалды. Бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттамаларды мемлекеттік сатып алу конкурсына қойылған уақыттан бастап, құрылысына бюджеттен қаржы қарастырылғанға дейін дайын 21 жобалық-сметалық құжаттама бар. Оның ішінде, спорт бойынша – 3, мәдениетте – 2, тұрғын үй бойынша – 12, инфрақұрылым жүргізу мақсатында 4 жоба бар. Бұдан бөлек, биыл жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген 7 жобаның сараптамалық қорытындысын алу жоспарлаған. Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауында тапсырылған бағыттар мен бағдарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жалғасын таба беретін болады. Мемлекеттік жобалардың тиянақты, әрі сапалы орындалуына күш салатын боламыз.