сенбі, 23 қараша, 2024 6:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда туризмді дамытуға баса назар аударылуда

Жуалыда туризмді дамытуға баса назар аударылуда
ашық дереккөзі
Жуалыда туризмді дамытуға баса назар аударылуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы» және «Туризм саласын дамыту жұмыстары» тақырыптарында баспасөз туры өтті.
Шараға аудан әкімі Нарбай Ергебеков , «АРК» Ғылыми ұйым» ЖШС басшысы Ескендір Торбеков пен аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, өлкетанушы Даулетжан Байдалиевтер және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Ескендір Санжарұлының айтуынша, Жуалы алқабының ортағасырлық қалалық және отырықшы-егіншілік мәдениетін зерттеу – біздің еліміздің ежелгі тарихын, қалалық және отырықшы-егіншілік шаруашылығының белсенді қалыптасу кезеңдерін жазу үшін аса маңызды.
Қалалық мәдениет Жуалы алқабының дала, тау бөктері мен таулы белдеуі аумақтарында таралған. Мұнда Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Қытай, ежелгі Персия және өзге де ежелгі мемлекеттердің тағдырына әсер еткен ірі қалалық агломерациялар қалыптасқан.
– Мұнда темір, алтын, күміс, саз, ағаштың жоғары деңгейде өңделуі қолөнердің қарқынды дамуына мүмкіндік берді. Қала шеберлері жасаған заттарды өнер туындылары деп атауға болады: зергер, металлург, қышшылардың қолдарынан басқа елдерде жасалған заттардан асып түспесе, кем түспейтін өнер туындылары шыққан.
Суармалы ауылшаруашылық жерлеріне су беру үшін суару жүйелерінің құрылысы Жуалы алқабының тұрғындарына егіншілікпен белсенді айналысуға мүмкіндік берді, бұл өзі тұтынуы үшін де, сауда базарларында өз өнімдерін сату үшін де жоғары өнім алуға мүмкіндік берді, бұл алқаптың ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне әкелді, – дейді ғалым.
Қалалар, қоныстар, керуен-сарайлар, қоғамдық, діни, салттық құрылыстар салу, әрине, көрші мемлекеттердің аймақтың сәулет-құрылыс мәдениеті саласындағы ықпалымен өзінің сәулеттік стилінің дамуына түрткі болды.
Қалаларды таза сумен қамтамасыз ету үшін су құбыры және кәріз жүйелерінің құрылысы, құбырлар, сардобтар, жолдар, көпірлер салу Жуалы алқабының қалалық мәдениетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
«Баркуаб» қалашығы Ежелгі Тараздың негізгі ірі қалалық орталық-серігі болды. Оның Тараздан 150-200 жыл үлкен екендігі туралы мәліметтер кездеседі, б.з.д. 2-1 – б.з. 3-4 ғасырларына жатқызады.
Өзінің дамыған инфрақұрылымы, қолөнершілік кәсібі, дамыған егіншілігі, сауда ордасы болған, себебі ол Ұлы Жібек жолының солтүстік артериясы, ең қызу халықаралық сауда жолында орналасқан.
Көптеген ортағасырлық араб, қытай, парсы және еуропалық шежірешілер, саяхатшылар, географтар саяхат жазбаларында, анықтамалықтарда, күнделіктерде оны үлкен және дамыған қала ретінде сипаттады, онда тіпті қаңлы билеушілерінің жазғы демалысы мен резиденциясы орналасқан десті. Осының барлығы «Баркуаб» қалашығына Жуалы және Шу-Талас алқабының ірі сауда, экономикалық, әкімшілік және саяси орталығы болуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар