Жуалыдағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры тағайындалды
Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімдеді
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының 2025 жылғы 16 қазандағы №56 бұйрығымен Қадыров Сәбит Мадыкулович Жуалы ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындалды., деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сабит Қадыров 1990 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2015 жылы Тараз «Парасат» колледжін, 2022 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын тамамдаған. Мамандығы – құқықтану.
Еңбек жолы:
06.06.2011–16.03.2015 – жұмысшы, «Күреңбел» өндірістік кооперативі;
09.07.2015–04.02.2016 – қойма меңгерушісі, Жуалы аудандық орталық ауруханасы;
15.06.2022–02.08.2022 – сарапшы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Жамбыл облысы филиалы;
19.04.2023–25.04.2023 – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ;
25.04.2023–22.08.2023 – бөлім меңгерушісі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ;
22.08.2023–23.01.2024 – директордың орынбасары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ;
24.01.2024–02.04.2024 – бас маман міндетін уақытша атқарушы, Күреңбел ауылдық округі әкімінің аппараты;
03.04.2024–16.10.2025 – бас маман, Күреңбел ауылдық округі әкімінің аппараты.
17.10.25 Жуалы ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметін атқаруда.