Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:05
- 211
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда заң мен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсан күні «Заң және тәртіп» қағидаты аясында “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастардың қауіпсіздігі, жауапкершілігі мен заңға бағынудың маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.




