Жуалылық спортшы ел чемпионатында жүлдегер атанды
Ел біріншілігіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық спортшы қатысты.
Биылғы жылдың 20–22 желтоқсан күндері Шымкент қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ел біріншілігіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Аталған дүбірлі додада Жуалы ауданының спортшысы Алтаир Өмірбек жоғары деңгейдегі дайындық пен қайсар мінез танытып, қола жүлдеге қол жеткізді.