жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалылық волейболшылар республикалық додада күміс жүлдеге қол жеткізді

Жуалылық волейболшылар республикалық додада күміс жүлдеге қол жеткізді
Жуалы ауданы әкімдігі
2025 жылдың 3–6 қарашасы аралығында Алматы қаласында өткен төрт күндік республикалық «Ауыл спорт – 2025» турнирі еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1700-ге жуық жас спортшының басын қосты.

Ауқымды додаға 300 ауылдан келген өрендер қатысып, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, каратэ, шахмат, бокс пен еркін күрес секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыстың өтуіне Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қоры демеушілік етті. Қор ауылдық жерлердегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында бұл жобаны былтыр бастаған болатын. Қысқа уақыт ішінде-ақ бастама нақты нәтижесін беріп отыр: өткен жылы 200 ауылдан 12 мың спортшы қатысқан болса, биыл қатысушылар саны айтарлықтай артқан.

Биылғы турнирдің қорытындысы бойынша 236 жеңімпаз анықталды. Солардың қатарында Жамбыл облысының намысын қорғаған Шақпақ волейбол командасы да бар. Команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, республикалық турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кету керек, бұл жетістікке командасын тыңғылықты дайындаған жаттықтырушы Нұрлан Дүйсенбекұлының да еңбегі зор.

Жалпы, ауыл спортының дамуына тек биылдың өзінде «Halyk» қоры шамамен 500 миллион теңге бөлген. Қаржы тек жарыстарды ұйымдастыруға емес, спорт клубтарының материалдық базасын нығайту мен бапкерлердің біліктілігін арттыруға да бағытталған.

2016 жылдан бері қор елімізде білім беру, спорт, медицина және әлеуметтік жобаларды қолдауға 85 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар