Жуалылық жас спортшылар облыс чемпионатында топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қыркүйек, 2025
- 1.5k
Тараз қаласында 2008-2009 жылы туған жастар арасында бокстан Жамбыл облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Байрақты бәсекеде өңірдің барлық аудандарынан келген талантты жас былғары қолғап шеберлері 48 келіден бастап +90 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.
Жарыста Жуалы ауданының жас боксшылары айрықша көзге түсті. Қыздарбек Нұрбек 80 келіде қарсыластарын ойсырата жеңіп, облыс чемпионы атанса, 85 келі салмақта сынға түскен Рүстембек Мұхамедәлі де қарсыластарына дес бермей, алтын медальды иеленді. Ал 75 келіде бақ сынаған Ратай Әльхаким үздік үштікке еніп, қола жүлдені жеңіп алды.
Жарыс қорытындысында жас спортшылардың бапкерлері олардың жеңістерін үлкен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті. Алдағы уақытта бұл жеңімпаздар республикалық деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, Жамбыл облысының намысын қорғауы жоспарлануда.






