дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалының мәдениет үйі қайта жаңарды

Жуалының мәдениет үйі қайта жаңарды
ашық дереккөзі
Жуалының мәдениет үйі қайта жаңарды
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні қаясаңында Жуалы аудандық «Достық» мәдениет үйі қайта жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Олжас Қаржауов және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, мерекелік жиынның шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түрілді. ⚜️Аудан әкімі Олжас Қаржауов алғы сөз сөйлеп, Жуалы жұртын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. «Бүгін егемен еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы айрықша, аса бір айшықты күнге орай бас қосып отырмыз. Себебі, 1991 жылдың осы күні Қазақстан халқы алғаш рет Тәуелсіз мемлекеттің Тұңғыш Президентін сайлап, тарихи таңдауын жасаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи бетбұрыс тұсында тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің еңселі болуының қайнары болды. Ал Тұңғыш Президент күні – елі мен жерін сүюдің, туған халқын құрметтеудің өлшеусіз өнегесін көрсетіп келе жатқан өр тұлғаға деген халықтың сүйіспеншілігінің көрінісі деп білеміз. Сондықтан, бұл мерекенің баршамыз үшін орны ерекше, мәртебесі биік, маңызы зор,» - деді аудан әкімі Олжас Есалханұлы. Сондай-ақ, аудан басшысы осы сара жолда халқын адастырмай, сүріндірмей көш бастаған дәуір дарабозы Елбасымызға қашан да құрмет көрсету – әр азаматтың парызы екенін айтты. Бұдан соң, мерекелік кеш мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар