Журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының үйінде орнатылған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті
Бұл үйде қоғам қайраткері 52 жыл тұрған
Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыстағы журналистиканың аға буын өкілдері, Баттал Жаңабаевтың туыстары мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мемориалды тақтаның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі Баттал Жаңабайұлының елге сіңірген еңбегін, журналистика саласында абыройлы қызмет еткенін ерекше атап өтті.
Шарада Елен Әлімжан, Жаңабай Миллионов, Көсемәлі Сәттібайұлы сынды бірқатар қаламгерлер нар тұлға жайында естеліктерімен бөлісіп, дара қасиеттерін өскелең буынға өнеге етті. Сонымен қатар, биыл қоғам қайраткерінің 95 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғандығы да айтылды. Ашылу рәсіміне Баттал Жаңабайұлының жары Фарида Алтаева да қатысты.