Жамбыл жаңалықтар

Жылдың үздік студенттері анықталды

Жылдың үздік студенттері анықталды

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық студенттер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық «Үздіктер таңдауы» байқауы өз мәресіне жетті.

Әлемдегі пандемияға байланысты байқау онлайн дауыс беру форматында өтті. Өңір бойынша барлығы 120-ға жуық жас пен жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі қатысқан аталмыш байқау 7 номинация бойынша әлеуметтік желі қолданушылары «Instagram» желісі арқылы ең үздіктерді таңдады. Салтанатты шарада сөз алған басқарма басшысы Серікбол Берікқожа биылғы Волонтер жылы аясында жастарға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, үздік атанғандарды құттықтады.

Сонымен онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша «Өнерлі жас» номинациясымен республикалық жайдарман ойындарының қатысушысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «USTAZ» институтының студенті Еркебұлан Спабек, «Жас ғалым» номинациясымен республикалық «Үздік ғылыми мақала» байқауының жеңімпазы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «USTAZ» институтының студенті Шапағат Ермахан, «Үздік спортшы» номинациясымен кадеттер арасында Қазақстан чемпионы, Түркия және Италия елдерінде өткен Әлем кубогының жүлдегері, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Дінмұхамед Баймұратов, «Үздік бейнеролик» номинациямен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «USTAZ» институтының студенті Дәулет Смағұлов, «Үздік студент» номинациясымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Дәурен Мамыш, «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі» номинациясымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Данияр Амантай, «Жыл студенті» номинациясымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Бауыржан Жұмат марапатталды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Ш.БИДІЛДӘҰЛЫ