Жамбыл жаңалықтар

Жылу беру жұмыстары жандандырылуда

Жылу беру жұмыстары жандандырылуда

  Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Темір Жол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны «Таразтрансэнерго» МКК-на қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған болатын. Осы өзгерістен кейінгі мұндағы жұмыстардың жай-күйімен танысып, қысқы маусымға әзірлігін тиянақтау үшін табиғи монополияларды реттеу комитетінің облысымыздағы департаменті баспасөз турын ұйымдастырды. Аталмыш кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінде табиғи газбен жұмыс істейтін 7 қазандығы бар. Темір жол массивінің 96 үйін, 61 заңды тұлғаларды, 7 білім беру нысандарын жылумен жабдықтайды. 2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Байзақ батыр көшесіндегі «Газовая» қазандығын ағымдағы жөндеу жұмысына 50 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, осы көшедегі және Балуан Шолақ көшесінде орналасқан жылу желілерін реконструкциялауға 55 миллион теңге қарастырылған. «Газовая» қазандығында 2 дана бу қазандығын су жылытатын қазандыққа ауыстырған. «Таразтрансэнерго» кәсіпорнының қазандық басшысы Әбутәліп Абиловтың айтуынша, мұндағы жұмыстар тап-тұйнақтай әзірленген, жылу маусымына дайын. Қазан айының 10-нан бастап жылу беріледі. «Газовая» қазандығы бойынша айдың соңына дейін д530-2 дана түтін мұржаларын, 2 дана желілік сорғылар, желілік сорғылардың кабельдік жеткізілімдерін орнату жоспарланып отыр. Қ.Рахметуллина.