Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Таразда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымына дайындық жөніндегі штаб отырысы өтті. Бұл туралы қала әкімінің «медиа орталығы» хабарлады,- деп жазады jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 1 қазанына дейін толық аяқталатынын айтты.
Ал «ТаразТрансЭнерго» мекемесі директорының міндетін атқарушы Арман Бектибаев жылыту маусымына дайындық шеңберінде кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының тарифтік сметасы бойынша 2024 жылдың маусым-қыркүйек айларында Әйтиев, Әйтеке би, Желтоқсан, Пушкин, Абай, Сүлейменов көшелері орамішілік жылу желілерінің тозығы жеткен учаскелерін ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін айтты.