сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 20:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жырлайды жүрек» облыстық шығармашылық байқауы өтті

«Жырлайды жүрек» облыстық шығармашылық байқауы өтті
Фото - ашық дереккөз
Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының, балалар мен жасөспірімдер орталығының, шығармашылық орталықтардың, сондай-ақ орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

   Бүгін мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz 
Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының, балалар мен жасөспірімдер орталығының, шығармашылық орталықтардың, сондай-ақ орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, олардың ақынға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сонымен қатар, дарынды балалардың талантын шыңдау, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, актерлік шеберліктерін жетілдіру және креативті ойлау дағдыларын арттыру көзделді.
Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында:
ҚР мәдениет саласының үздігі, Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас режиссері Абдуллаев Нұралы;
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Молдазимова Айжамал Есенжановна;
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын-журналист Ғайни Әлімбекқызы болды.
Байқауға қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығына арналған қойылымдар қойып, әндерін орындады. Шара жас таланттардың өнерін насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралардың жас ұрпақтың әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатынын атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар