жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
Фото: Jambylinfo.kz
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – әлемде кең таралған адам құқықтарын бұзудың ең өткір түрлерінің бірі. Мұндай әрекеттер әйелдер мен қыздардың теңдікке, еркіндікке және қауіпсіз өмір сүру құқығына тікелей нұқсан келтіреді, олардың қадір-қасиетін таптайды және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді.

Осы маңызды мәселеге қоғам назарын аудару мақсатында Абай атындағы орталық кітапханада 25 қараша – Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне орай «Зорлық-зомбылықсыз өмір – барлығымыздың ортақ мақсатымыз!» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараға Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы директорының орынбасары  Әйгерім Өсербаева, психолог мамандары Зухра Жүрғараева мен Эльмира Даулетова, Тараз қаласы Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім басшысы  Анар Мусаева және инспектор Меруерт Оразалиева, сондай-ақ ҰҚК Жамбыл ауданы бойынша арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-қимылдар тобының әскери қызметшісі, ефрейтор Рахымжан Мекенов қатысты. Сонымен қатар шараға білімгерлер де келді.

Дөңгелек үстелде мамандар отбасылық жанжалдың алдын алу жолдары, құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары, әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді. Психологтар зорлық-зомбылық құрбандарының психологиялық ахуалына тоқталып, көмек көрсетудің тиімді әдістерімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың тек отбасы шеңберіндегі мәселе емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Іс-шара аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар