Жаңалықтар
1 380 000 теңге қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?
- авторjambylinfo.kz
- 15 мамыр, 2023
- 567
1 380 000 теңге қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?
Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, - деп хабарлайды Жамбыл инфо Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
Грантқа кімдер қатыса алады?
Көп балалы тұлғалар (көп балалы жәрдемақы алушылар);
Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі;
Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар;
Мүгедектер;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар;
Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.
Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын.
⠀
Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023
3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023
4- легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді.
Грант алудың негізгі шарттары:
- Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);
- Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату;
- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;
Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз