Жаңалықтар

1 380 000 теңге қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

1 380 000 теңге қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, - деп хабарлайды Жамбыл инфо Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Грантқа кімдер қатыса алады? Көп балалы тұлғалар (көп балалы жәрдемақы алушылар); Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі; Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар; Мүгедектер; Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар; Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар; Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері. Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын. ⠀ Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023 3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023 4- легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді. Грант алудың негізгі шарттары: - Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін); - Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату; - "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы; Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.